Қазақстандық тауар өтпей ме, әлде тұтынушысына жетпей ме?

Қазақстандық тауар өтпей ме, әлде тұтынушысына жетпей ме?
зақстандық жеңіл өнеркәсіпке берген бұл жолғы бағасы "Халық тұтынатын тауарларды өзімізде көптеп шығару керек. Біз мұны ұмыттық. Егер, сіздер киген шетелдік киімді алып қалсақ, сіздер тыр жалаңаш қаласыздар" деген ащы әзілімен түйреп өтті.

Жеңіл өнеркәсіп пен шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу секторына 500 млрд теңге бөлінгені кешегі жолдаудан кейін белгілі болды. Бірақ бұл жаңалық емес, бұған дейін де қаржы бөлініп жатыр, бөлініп жатыр. Бірақ нәтижесіне келгенде қынжыла бас шайқап қаламыз. Мемлекеттің бұл саланы алға жылжытады деп бөлген қаржысы туралы мәліметтер Елбасымыздың әр жолдауы сайын жаңарып тұратынын жиі байқаймыз.

"Нәтижесін қашан көреміз?" деген заңды сауалдың жауабы үкіметтің дәліздерінен аса алмай жатыр.

2017 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында жеңіл өнеркәсіпті дамыту тақырыбына арналған халықаралық конференцияда елімізде 1534 жеңіл өнеркәсіп орны тіркелгені белгілі болды. Ал оның 20-сы – ірі, 35-і – орташа және 1479-ы – кішігірім өнеркәсіп.

Ресми деректерге жүгінсек, бұл өнеркәсіп орындарының тек 58 пайызы ғана жұмыс істейді. Қазақстандық нарықтағы отандық өндіріс ошақтарының үлес салмағы бар-жоғы 0,6 пайыз. Оған қоса биылғы жылы 20-дан астам кәсіпорын өз жұмысын тоқтатыпты.

2017 жылы жеңіл өнеркәсіптегі белсенді өндірушілер саны 27 пайызға кеміп, 79-дан 58-ге дейін азайған.

Қырғыз қыр асып кетті

Бұл елде жеңіл өнеркәсіп қарқынды даму үстінде. Мұнда жылына 190 миллион доллардың өнімі өндіріліп, оның басым бөлігі Қазақ­­стан мен Ресейге тасымалданады екен. Сарапшылардың есебіне сүйенсек, елдегі жеңіл өнеркәсіп секторының 40 пайызы ресейліктердің, 30 пайызы қазақ­стандықтардың иелігінде. Қырғыз реэкспорты туралы мәселе –экономистер мен үкіметтің экономикалық блогы бірлесіп отырып талқылауы тиіс жеке тақырып.

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худованың айтуынша, Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын жеңіл өнеркәсіп беріп отыр, ал Қазақстанда ол небәрі 0,03 пайыз екен. 2010 жылдан бергі уақытта отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі қажеттіліктің тек 10 пайызын ғана өтепті. Қалған 90 пайызы сырттан келетін өнімдердің үлесінде.

Любовь Худова бізге көптеген кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына мемлекеттік тапсырыстың бір қолға өтіп кетуі себеп болғанын айтты.

– Мемлекеттік тапсырыс бір қолда болса, кәсіпорындардың да, жұмысшылардың да қатары азаяды. Үкімет жеңіл өнеркәсіпті дұрыс жолға қоя білсе, мемлекет қазынасына түсетін кіріс тұрақты болып, жұмыспен қамту мәселесі де шешімін табар еді. Жеңіл өнеркәсіп тұрғындарды жұмыспен барынша көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Әлемнің көптеген елдерінде жеңіл өнеркәсіп – қарапайым халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі болып саналады. Өкінішке қарай, әзірге жеңіл өнеркәсіп саласын ілгерілету мүмкін болмай тұр, – дейді ол.

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының өкілдері еркін экономикалық аймақ құрудың кезі келгенін айтып отыр.

Біз Белоруссия мен Қырғызстанның тәжірибесін зерттедік. Олар бұл салада алға озып кетті. Егер, еркін экономикалық аймақ құруға қол жеткізсек, салық жеңілдіктеріне қатысты біраз мәселеелердің түйіні тарқатылатын еді, – дейді қауымдастық төрайымы Любовь Худова.

Любовь Худова сөз арасында осы мәселелердің Ресейде,Өзбекстанда шешімін тапқанын айтып өтті.

Егер, Қазақстанда осындай еркін экономикалық аймақтар ашылса, банктер біз алдына бармай-ақ инвестиция салуға, өндірісті дамытуға мүдделі болар еді, – дейді Любовь Худова бізбен әңгімесінде.

Тоқсан сайын мультимиллионер шығаруға мүмкіндік бар

Бірақ бұл арманды болашақтың еншісінде қалдырудан өзге амал жоқ. Мұнайдың кермек дәмін ұмыта алмай жүрген біздің билік әзірге бұл салаға шындап мойын бұруға ықылас танытып жүрген жоқ. Мамандар импорттың көптігінен кәсіпкерлеріміздің жеңіл өнеркәсіптен қашқақтайтынын айтады. Отандық өнімдерге емес, қаппен, вагонмен тасымалданатын импортқа басымдық беріп жүр.


Жеңіл өнеркәсіптің жекелеген салаларының қазіргі деңгейі осындай / Дерек ҚР статисикалық агенттіктіктің материалдарынан алынды

0 Comments

Оставить комментарий

Оформить Подписку